Түркістан облысы тұрғындары полицияға 130 данадан астам қару-жарақ тапсырды

476

ҚР ІІД-нің нұсқауына байланысты Түркістан облысы аумағында облыстық Полиция департаментінің әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғындардан ойық ұңғылы атыс қаруын сатып алу бойынша акция өткізуде.

Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ, жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды, атқыш қарулар қолдану арқылы құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатына бағытталған.

Түркістан облысы Полиция департаментінің барлық бөлімдерінде тұрғындарда заңсыз сақталған ойық ұңғылы атыс қаруын сатып алу жөнінде комиссиялар құрылған. Тіркелмеген қару-жарақты ерікті түрде тапсыру туралы республикалық акция барысында азаматтар тапсырылған қару-жараққа ақшалай сыйақы ала алады.

Акцияны өткізген күннен бастап полицияға, Түркістан облысының тұрғындарынан қару-жарақ түрлерін ерікті түрде тапсыру туралы 80-нен астам өтініш түскен. Бүгінгі күнге дейін қару-жарақ иелерінен 132 дана оқты қару-жарақ полицияға ерікті түрде тапсырылған, оның 16 иір ойықты мылтық және 116 дана тегіс ұңғылы атыс құралы алынды. Тапсырылған қару-жарақтарды полицейлер сараптамаға жіберді. Мысалы акцияның алғашқы күні – Мақтарал ауданының тұрғыны әкесінен мұраға қалған 16 калибрлы тегіс ұңғылы аңшы мылтығын полиция бөліміне ерікті түрде тапсырды.

Барлық қажетті сараптама жүргізілген соң, азаматқа материалдық сыйақы берілетін болады. Ал, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар акциясының 1 аптасында қарудың 14 данасын тапсырды, бұл басқаларға үлгі болды, себебі қару-жарақ тапсыру туралы акциясына белсенді қатысу тек қана полицияның міндеті ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындардың азаматтық жауапкершілігі болып табылады. Сондай-ақ, полицейлер акция жүргізу барысында ерікті түрде ойық ұңғылы атыс қаруы, жарылғыш заттарды, атыс қару-жарақтарын ерікті түрде тапсырған азаматтардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтқарылатынын атап өтті.

Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындардың аталған акцияны қолдайтындығына және белсене қатысатындығына, бәрінен бұрын еліміздегі қылмыс деңгейін төмендететініне сенеді.