Түркістан облысында «Қызғалдақ» айлығы өтіп жатыр

523

Полиция қызметкерлерімен 1 мен 30 сәуір аралығында облыс аумағында «Қызғалдақ» іс-шарасы өткізіліп жатыр. Сақшылармен Қызыл кітабына еңгізілген «Грейг» қызғалдақтарын жұлған 8 жәйт анықталып, азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 339 бабына сәйкес сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде.

Туркістан облысының полиция департаменті азаматтарды ескертеді: «Грейг» қызғалдақтарын жұлған үшін ҚР ҚК-нің 339 б. «өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналасу» сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.