Шымкентте жалпы қалалық жүгіру марафоны өтеді. Оны «Technоdom» компаниясы шаһарымыздағы спорт әуесқойлары үшін арнайы ұйымдастырмақ. Олар салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын шара туралы мейілінше көп адам білсе екен дейді. Соның аясында қалалық Арбатта салтанатты шеру де ұйымдастырды.

«Technodom» компаниясының белсенді қызметкерлері шеруді көңілді музыкамен бастады. Бұл арқылы олар қала жұртшылығына жақын күндері жалпы қалалық жүгіру марафоны басталатынын мәлімдемек. Ұйымдастырушылар «Technodom Shymkent Marathon» бәсекесіне 700-ден астам адам жиналады деп жоспарлап отыр.

Шынар Жәнібекова, «Technodom» компаниясының сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры: «Бүгін біз Шымкент қаласының тұрғындарын келесі жексенбі, 7 сәуір күні Наурыз алаңында өтетін «Technodom Shymkent Marathon» – на келуге шақырамыз. Технодом компаниясы әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың белсенді түрлерін насихаттайтынымен белігілі болғандықтан, Шымкент қаласы үшін бұл өте маңызды оқиға болады деген ойдамыз».

Марафон аясында танымал қазақстандық әртістерде өнер көресетеді. Сондай-ақ, жарыс жеңімпаздарына теледидар, тоңазытқыш секілді тұрмыстық техникалар табысталмақ.

Әсем Набиева, «Technоdom» акциясына қатысушы: «Шымкент қаласының барлық тұрғындарын шақырамыз. Қатысыңыздар, түрлі бағалы сыйлықтар мен тәттілер болады».

Айта өтейік, «Technodom Shymkent Marathon» сайысына қатысушылардың төлейтін жарнасы қайырымдылыққа жұмсалады. Тіркелу 6 сәуірге дейін жүреді.

Мекен-жайы: «Technоdom» дүкені, Ә. Жангелдин көшесі 12А.

Айя Мүтәлі