Тоқаевтың екі аккаунты ғана бар – Президенттің баспасөз хатшысы фейктер жайлы

87

«Соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кетті. Сол арқылы жалған ақпарат таратып жатқандар да бар, кейбірі оны коммерциялық мақсатта қолданып жатыр», деп жазды Берік Уәли facebook парақшасында.

«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан – @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты.

Барша әлеуметтік желі қолданушыларды Мемлекет басшысы туралы нақты расталған ақпарат алу үшін жоғарыда көрсетілген ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырамыз» делінген жазбада.