Украинадағы президент сайлауы: Зеленский көш бастап тұр

202

Бүгінде әлем назары Украинада өтіп жатқан президент сайлауына ауған. Кімнің көш басынан табылатыны, тақ иесі кім болатыны кім – кімді де қызықтырса керек. Оның үстіне украиндықтар бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш көрсетіп, 39 адам үміткер ретінде тіркелген болатын.

Елде өтіп жатқан сайлауда азаматтар белсенділік танытуда. Дәл қазіргі уақытта бюллетеньдердің 22,36 пайызы тексеріліп үлгерді. Көштің басын 30,07 дауыспен шоумен Владимир Зеленский бастап тұр, деп хабарлайды ОАК-ның баспасөз қызметі.

Қызу жұмыс істеп жатқан сайлау комиссиясының соңғы мәліметі бойынша, қазіргі президент Петр Порошенко 17,08 пайыз дауыс жинаған. Ал Юлия Тимошенконың еншісінде – 14,02 пайыз болса, Юрий Бойкода – 11,36 пайыз.

Кімнің бағы жанары әлі белгісіз. Дегенмен қара үзіп алға шыққандар баршылық.