«Үш қызды мемлекет өз бақылауына алды». Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек facebook әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Бас Прокурор Ғизат Нұрдаулетов мырзаға үлкен рахмет! Тергеу біткенше қыздар , мемлекет бақылауында болғаны дұрыс. Психолог мамандар қыздармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек! Қыздар қазір зомби болып қалған. Жалтақ-жалтақ еткен жауқазындарды енді ешкім қорламайды.
Бүгін қыздарды Шымкент қаласының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына» алып келді.
Қыздардың жағдайы жақсы, қәзір мамандар өз жұмысын бастап кетті.
Қыздардың қәуіпсіздігін Түркістан полиция департаменті бақылап отыр.
Ішкі істер министірі Ерлан Заманбекұлы өзі арнайы жедел тергеу тобын құрып өз бақылауында ұстап отырғанын жеткізді» делінген жазбада.