Жол-көлік қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды

382

ТО ПД-нің профилактикалық шаралары аясында әлеуметтік желілерге мониторинг жасау жұмыстарында жергілікті тұрғындар құқыққа қайшы іс-әрекеттер туралы белсенді хабарлап отыратыны байқалады. Аталған мониторингтің мақсаты ТО ПД-нің ІжСКБ бөлімі арқылы әкімшілік пен қылмыстық құқықбұзушылықты анықтауға және дер кезінде реттеуге, заң бұзушылар мен азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін тиісті шараларды үнемі қабылдайды.

Мәселен, таяуда әлеуметтік желілерде бірнеше автотранспорттық құралдардың жол ережелерін бұзған жүргізушілер туралы әлеуметтік желілерде бейнежазба көрсетілді. Мониторинг жүргізу барысында аталған бейнежазбадағы жайттың Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болғаны анықталды.

Жол-көлік оқиғасын бұзған екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚтК-нің 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», 593-бабы «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», 596-бабы «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша полиция қызметкерлері тарапынан әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол-көлік оқиғасы мен адам өлімін болдырмау, аулақ болу үшін жол жүру ережесінің маңыздылығы туралы үнемі ескертіп отырады. Егер де Сіз жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе өзге де құқықбұзушылық пен қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі