Берекелі айда 90 отбасыға азық-түлік таратылды

145

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты «Зекет» қоры және Кувейт мемлекетінің «дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Қайырымдылық шара аясында Кувейт мемлекетінің «дүние жүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілі, доктор Ясир Мухаммад Али мырза және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтар құттықтау сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.

Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 5500-ден астам жағдай төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар тіркелген болатын. Сол азаматтарға бір ай бойы кезегімен қайырымдылық көрсетіледі.

Соның бір парасы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» атындағы орталық бас мешітінде 90 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек берілді.