Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көп балалы ата-аналардың ажырасуы көбейіп бара жатқандығы туралы ақпараттарға жауап берді және цифрландыруды жылдамдатуды тапсырды.

«Атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында көп балалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті. Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтықты тоқтату үшін цифрландыру енгізуді жеделдету тапсырылды. АӘК – бұл мұқтаж азаматтарға берілетін мемлекеттің жәрдемақысы», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте соттарға көпбалалы отбасылардан ажырасуға өтініштер көптеп түсе бастаған. Көптеген көпбалалы отбасылардың ажырасуының себебі – атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу болып отыр.