Шымкентке белгілі ресейлік хирург-флеболог келді

165

Белгород қаласының білікті маманы өңірлік дәрігерлердің қатысумен флебология және лазерлік медицина клиникасында арнайы семинар ұйымдастырды. 2 күнге жалғасқан іс-сапарын барысында ол науқастарға қажетті кеңес беріп, бірнеше ота жасап үлгерді. Жергілікті мамандардың деңгейіне де өз бағасын берді.

Шымкент қаласының флебология және лазерлік медицина клиникасына Белгород қаласынан хирург-флеболог Сергей Луговский келді. Ол — көктамырлар ауруларын емдеуде тәжірибесі мол маман. Білікті дәрігер шымкенттік клиникаға елдегі ең үздік емханалардың бірі деп баға берді. Өйткені, мұндағы пациенттер соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен емделеді.

Сергей Луговой, Белгород қаласынан келген хирург-флеболог: «Менің сапарымның мақсаты-тәжірибе алмасу, Қазақстаннан келген әріптестерімен танысу. Әрине, оның ішіне кеңес беру де кіреді. Екі күн бойы бірнеше ота жасадық. Консультативтік қабылдау да жүргіздік. Клиника соңғы үлгідегі жабдықтармен жасақталған және мұнда жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді екен».

Клиника   соңғы жылдары шетелдік және жергілікті флеболог-дәрігерлердің тәжірибе алмасу алаңына айналды. Барлық дәрігердің мақсаты бір — көктамыр ауруларын емдеу сапасын арттыру. Сондықтан мұнда шеберлік сағаттары мен семинарлар ай сайын өткізіледі.

Бауыржан Аширов, хирург-флеболог: «Осы екі күн ішінде бірнеше операцияларды бірге жасадық. Өйткені, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, осындағы білетін-білмейтін жетістіктермізді іске асырып отырмыз. Қазіргі таңда бұл бір күндік операциялар өте тиімді. Науқастарға да, дәрігерлерге де. Өйткені, науқас бір сағаттың ішінде емделіп, үйіне қайта беруіне болады».

Флебология және лазерлік медицина клиникасында көктамырлардың кеңеюін, яғни варикозды емдейді. Проктология және гинекология саласында операциялар жүргізеді. Сонымен қатар, мұнда аппараттық косметикалық процедуралар да бар. Жаңа лазерлік құрылғылармен жасалатын диагностика 30 минуттан кейін пациенттің үйреншікті қалпына қайта келтіруге мүмкіндік жасайды.