Шымкенттік студенттер мемлекеттік қызметтің QR-кодын пайдалануда

113

Шымкенттегі жоғары оқу орындарының студенттері мемлекеттік қызмет бойынша ең көп таралған сұрақтарға: мемлекеттік қызметке іріктеу кезеңдері, тестілеу ержелері мен бағдарламалары, сынамалы тестілеу және тіркеу тәсілдері туралы толық жауап ала алады.

Ол үшін студенттерге дербес смартфонның (iOS, Android) көмегімен мемлекеттік қызметтің QR-кодын тек сканерлеу қажет.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің негізгі мақсаты — осы сервисті пайдалану арқылы мемлекеттік қызметке ораналасуға ниет білдірген азаматтар үшін барынша қолжетімді және мобильді құрал құру.

Жақын болашақта осы сервисті тарату ауқымын да, ондағы пайдалы ақпараттың санын да арттыру жоспарлануда.