Шымкенттің сауда орталықтарында мемлекеттік қызметтерді алуға болады

35

 

Шымкенттің сауда орталықтарында connection point  бұрыштары ашылды. Енді тұрғындар қаладағы екі сауда орталықтарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады.

Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу, некені тіркеу үшін өтініш беруге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға және т.б. сия

қты танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

«Өткен жылы қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін Шымкенттегі сауда орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 300-ден астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін сауда орталықтардың мекенжайларының тізбесі:

«Tolebi» СО Асар 2 ы/а, 12Б

«Бекжан-комфорт» ССК Жиделібайсын көш., 92