Сірке суын ішіп қойған екі жеткіншекті дәрігерлер аман алып қалды

379
фото Almaty.tv

Ағзаға аса қауіпті сұйықтықты байқамай ішіп қойған жеткіншектер жедел жәрдем қызметімен Шымкент қаласындағы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.

Ауыр халдегі науқастар орталықтың жансақтау бөлімінде бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер екі науқасқа да шұғыл медициналық көмек көрсетіп, балаларды аман алып қалды. Бір аптадан аса уақыт жіті қадағалауда болып, жағдайы оңалған балалар қазір палатада ем қабылдап жатыр.

Уксустан уланған екі жеткіншектің жасы онда. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Дәрігерлер оларды бүгін ауруханадан үйіне шығармақ.