Жеткіншек суға батып кете жаздады

340

Шымкеттегі демалыс орнында жас бала суға батып кете жаздады. Бұл оқиға маусым айының 11-і күні болған. 14 жасар жеткіншек бала бірден аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, ота жасалды. Қатты тұншыққаны соншалық несеп қапшығы жарылып кеткен.

Балалар демалыс орнына әдеттегідей, шомылуға келген. Өкінішке қарай, демалыс орыны жабық тұр. Жасөспірімдер мұндағы болған жағдайдан бейхабар. Шомылу маусымы басталмай жатып, қаладағы демалыс орындарының бірінде жас бала суға тұншыққан.

Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының кезекші дәрігері:
«Бала аквапаркте суға тұншыққан. Науқастың түскендегі жағыдай ауыр. Қойылған диагнозы суға тұншығуы, өкпесінің қабынуы, несеп қапшығының жарылуы. Жедел түрде операция жасалды. Жасанды тыныс алу аппаратымен демалуда. Жағдайы өте ауыр».

Бұл жәйт бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Демалыс орнының иелері оқиғадан кейін тергеушілер тобы келіп жұмыс істегенін мәлімдеді. Жеке кәсіпкер сөзіне сенсек, жәбірленуші балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, іс тергеп тексеру тізіміне алынған.

Қаладағы демалыс орнында болған оқиғаның немен аяқталары сарапшылардың қортындысынан кейін белгілі болады. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде суға кетудің 9 жәйіті тіркелген. Оның ішінде 7 – уінде жас балалар мерт болған.

Ернар Балабеков