Шымкенттік дәрігерлер сірке суына уланған сәбиді аман алып қалды

244

Анасының айтуынша, балақай ойнап жүріп қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған. Содан кейін оны ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген.

Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтаған. Улы сусынды ішіп қойған бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған. Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге токсикология бөлімінде ем қабылдаған балақай, ауруханадан шығарылды.