Су қауіпінен сақтану үшін…

422

Өткен жылы шомылу маусымында 4 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның 2-еуі жеткіншектер. Бұл туралы суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы брифингте ТЖД мамандары мәлімдеді. Түсіндірме жұмыстарымен ғана шектелетін төтеншеліктер барынша сақ болуға шақырады.

Шомылу маусымы басталғаннан аяқтарынан тік тұратын төтеншеліктер түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. Қошқар ата өзенінің бойында шомылуға тиым салынатын орындарды белгілеп, тұрғындарға барынша насихаттау шарасын жүргізді. Тек ескертумен шектелетін жауаптылар, бір жапырақ қағазбен және тақтайша қағып оқыс оқиғаның алдын алуға тырысып бағуда.

Бір қуантарлығы өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, келеңсіз жағдай орын алмаған. Ең бастысы, кішкентайларды және ішімдікке сылқая тойып алғандарды көзден таса қылмаған жөн дейді. Себебі осылардан қауіп көп болады. Сонымен қатар, ата-аналар да балаларына барынша сақ болуы қажет. Жазғы сауықтыру лагерьлерде де назардан тыс қалмайды дейді мамандар

Жалпы қала бойынша 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 адамдар демалатын орындар бар. Дәл осы орындарда шара күшейтілген режимге ауыстырылды.

Ғалымжан Кенжебек