Таулы ауданда қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Соның бірі, 120 гектарға егілген»Қазығұрт бақтары» алма бауы. Италиядан арнайы жеткізілген төрт түрлі алма ағаштары Түркістанның таулы аймағына бейімделді. Егіс алқабына 1 млрд. 650 млн. теңге қаржы бөлінген.
Алма бауында толығынмен тамшылатып суғару жүйесі қолданылады. Шаруа қожалығының иелері қойма және алманы қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отыр.
Ғалымжан Кенжебек