Қайырымды жандарға құрмет көрсетілді

500

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасы бойынша аудан әкімі Б.Омарбеков туған өлкені түлетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға атсалысқан бірнеше іскер азаматтарды «Жомарт жүрек» алғыс хаттарымен марапаттады.

Осы жоба аясында туып-өскен ауылында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес.

Солардың бірі зейнеткер Баянов Әбден, кәсіпкерлер Таиров Мухтазим Абдуллаевич, Ермаханбетова Мадина Сейфуллақызы, Аширбаев Хасымхан Әтірханұлы, Салибеков Икрамжан Мамыржанович және Киелітас ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы, зейнеткер Рахишова Айдаркүл.

Ауданымыздың аз қамтылған көп балалы отбасыларға азық-түлік және аяқ-киім, мектеп формасымен, жаздық және қыстық киімдермен, мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуде, сондай-ақ, көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Бүгінгі мараппатаудың мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттар мен демеушілерді көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет жасау идеяларын танымал ету болып табылады.

 

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі