Төле би ауданында қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді

326

Таулы ауданда қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Соның бірі, 120 гектарға егілген»Қазығұрт бақтары» алма бауы. Италиядан арнайы жеткізілген төрт түрлі алма ағаштары Түркістанның таулы аймағына бейімделді. Егіс алқабына 1 млрд. 650 млн. теңге қаржы бөлінген.

Алма бауында толығынмен тамшылатып суғару жүйесі қолданылады. Шаруа қожалығының иелері қойма және алманы қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысын биыл аяқтауды жоспарлап отыр.

Ғалымжан Кенжебек