Жылқы ұрлаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады

192

Шардара АПБ-не, жергілікті тұрғын арызданады. Онда, сәуір айының 25-нен 26-на қараған түні жеке меншігіндегі, үйінің алдында байлаулы тұрған жылқысын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Шардара аудандық полиция қызметкерлерінен топ құрылып, күдіктіні құрықтау мақсатында шұғыл іс-шаралар жүргізілген. Жеделдетілген жұмыстар нәтижесінде, бір күнде ұры анықталып, қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды. Өзгенің малын ұрлаған азамат өз қылмысын толық мойындап, айғақ зат ретінде 1-бас жылқы алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары Шардара АПБ-нің тергеу бөлімшесінде жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері малыңызды ұрлатқан жағдайда тез арада полицейге хабарласуларыңызды сұранады.

Өйткені дер кезінде берілген ақпарат қылмыстың ізін суытпай ашуға өз септігін тигізеді. Сонымен қатар «102» шұғыл нөмірі сіздер үшін күні-түні қызмет ететінін жеткізеді

QAINAR KÓZТО ПД баспасөз қызметі