Úı Jańalyqtar Қала күніне орай батпырауықтар фестивалі өтті

Қала күніне орай батпырауықтар фестивалі өтті

Шымкент аспанында жүздеген батпырауық қалықтады. Қала күні мерекесіне орай «Тәуелсіздік» саябағында батпырауықтар фестивалі өтті. Мұндай шара шаһарымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Мақсаты — қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, оқу жылын аяқтап, демалысқа шыққан балалардың жазғы маусымын қызықты өткізуге атсалысу. Іс-шараға қатысқан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін балмұздақ пен түрлі-түсті батпырауық таратылды.

Сонымен қатар, балақайларды кәсіби аниматорлар мен қуыршақ театрының әртістері де қуантты. Зияткер жастарға шахмат ойындары ұйымдастырылған. Жалпы фестивальге жиналғандар ұзындығы 20 метр болатын түрлі-түсті батпырауықтардың әсем көрінісін тамашалап, балалық шаққа саяхат жасады.

Айя Мүтәлі