№87 мектептегі эвакуациялық бекетке 12 арыстық бүлдіршін жеткізілді

244
Арыстық бүлдіршіндер түскі асқа кірісті

Сағат 12: 00- ден өте Шымкент қаласындағы №87 мектепке Арыстағы «Алтын тұмар»  бөбекжайынан 12 бала жеткізілді.

Арыстық бүлдіршіндер Шымкенттегі №87 мектептегі эвакуациялық бекетте

Бүлдіршіндер спорт залында емін-еркін ойнап жүр. Түсірілім  барысында  мектептің жанындағы №55 бала – бақшадан ыстық тамақ жеткізілді.

Балалар  тамақтандырылды. Әзірге екі баланы туыстары алып кетті. Солардың бірі  Ермек Бақдәулеттің әжесі.

Ермек Бақдәулет әжесімен

Арыстық түрғынның айтуынша, малын да, үйін де жайына қалдырып, немерлерін іздеп  Шымкенттен бірақ шыққан.

Гүлфайруз Әлжұманова, тәрбиеші: «Арыстағы «Алтын тұмар» бөбекжайынан 12 баламен шұғыл түрде  көлікпен Шымкентке жеткізді. №87 мектепке орналастық. Балалардың жағдайы жақсы. Біз болсақ алаңдаулымыз. Балалардың киімін де алмағанбыз. Қазір  осындағы балабақшадан киім жеткіземіз деді. Рахмет, барлықтары қолдарынан келген көмекті көрсетуде. Ауылда қалғандарды уайымдап жатырмыз».

№87 мектепке  жеткізілген  арыстық бүлдіршіндердің  тізімі:

Өмірхан Гүлім, Өмірхан Нұрым, Бимбай Маржан, Досболат Медет, Мейіржанқызы Нурикамал, Өтеген Омар, Ахметова Камила, 3 бала  есімдерін айта алмады.

Шынар Оразова