Түркістан облысы ПД-нің 23.05.2019 жылы ломбард ұйымдары арқылы ұрланған заттарды өткізу фактілерінің жолын кесу бойынша облыс полицейлері, ұрланған заттарды өткізуді азайту шараларын әлеуметтік желілерде, БАҚ-та жариялау, орындалуы туралы ақпарат арнайы жеделдетілген іс-шараларды атқарды.
Жыл басынан ұрлық қылмысынан кеткен айғақты заттарды ломбардтарға өткізу бойынша 18 дерек анықталып отыр. Түркістан облысында барлығы 105 ломбард бар. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 жылғы 29 мамырдағы №501 бұйрығымен бекітілген «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» аясында, ұрланған мүліктің (зергерлік бұйымдар, тұрыстық техника және басқа мүлік) ломбардтық ұйымдар арқылы сатуды алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігімен 2018 жылдың 29 тамыздағы №12 бірлескен бұйрығының 6-шы тармағында бекітілген «Заңсыз алынған заттары бар ломбардтардың айналымына қарсы іс-қимыл» шарттарын орындау мақсатында облыстағы орналасқан ломбардтардың тізімі алынып, олардың иелерінің, жұмысшыларының толық аты-жөні, ұялы телефон нөмірлерінің тізімі, ломбардтардағы фото-бейнетіркеу жабдығы, олардың қауіпсіздік шараларының барлық түрлері, оның ішінде бейне бақылау жүйелері мен дабыл белгілерінің орнатылғандығы, сондай-ақ күзет агенттіктерінің қосылғандығы және темір торлардың бар-жоғы туралы және ломбард иелерімен, кепілге салынған заттардың қарыз өтеу мерзімі бір айдан астам өткеннен кейін олардың фотосуреттері мен ломбардқа зат тапсырған қарыз алушылар туралы ақпаратты он жұмыс күн ішінде полиция бөлімдеріне хабардар етуі қажет екенін ескере отырып,бірлескен жиналыстар өткізілді. Ұрлықы заттарды ломбард иелері және қызметкерлері қабылдамау үшін барлық тиісті шаралар қабылдануда.