Ойыншық тапаншамен ломбард тонамақ болған жігіт сотталды

22

Ойыншық тапаншамен ломбард тонамақ болған жігіт сотталды. Бетперде киген 18 жастағы азамат қызметкерді қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Сотта оның кінәсі толық дәлелденіп, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі: «Іс бойынша тергеу жеделдетілген тәртіпте жүргізілді, сондықтан ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігіне сәйкес жаза ең жоғары мерзімнің ½ бөлігінен аспауы керек. Осыған байланысты сотталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ»

Еске салсақ, өткен айда қаладағы ломбардтардың бірінде оқыс жағдай орын алған еді. Бетін тұмшалаған күдікті нысанға кіріп, қызметкерлерді қорқытып, ақша талап еткен. Дегенмен, оқиға орнында болған 2006 жылғы жігіт оны полиция келгенше ұстап үлгерген.