«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің Бас директоры – Бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы – Айгүл Қапбарова сенатор болып сайланды.

Дүйсенбі күні өткен Шымкент қалалық Мәслихатының сессиясында оған 23 депутат дауыс берген. Айта кетейік, Айгүл Қаппаровамен бірге Сенатта босап қалған Дархан Сатыбалдының орнына тағы екі кандидат – Рамиля Ескендірова мен Әлішер Сатыбалдиев ұсынылған болатын. Жасырын дауыс беру нәтижесінде басым қолдауға ие болған Айгүл Жарылқасынқызы – бұл жауапты лауазымға «Nur Otan» партиясы фракциясының атынан ұсынылған. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 49-ші сессиясында, Мәслихат депутаттары да бұл ұсынысты бір ауыздан қолдаған еді.

Мөлдір Бекеева