Шымкент қалалық мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

675

Шымкент қалалық мәслихатының жаңа хатшысы тағайындалды. Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс 40 сессиясында мәслихат депутаттары алғаш рет сайлау жолымен Ғани ӘбдіғапарұлыТашқараевты хатшы етіп сайлады.

Естеріңізге салар болсақ, бұған дейін ұзақ жылдар қалалық мәслихат хатшылығында еңбек еткен Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы 5 – қазан күні ҚР Парламент Сенатына сайланған болатын. Ғани Ташқараевты әріптестері шын жүректен құттықтап еңбегіне табыс тіледі.

 

Нұрлан Күдерұлы