Бүгін Арыс қаласында орын алған оқыс оқиғадан зардап шеккен 100-ден аса бала Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» және Жуалы ауданындағы «Тау Самалы» сауықтыру лагерьлеріне аттанды.

Жамбыл облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған игілікті шара барысында жамбылдықтар балаларды жас ерекшеліктеріне қарай қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етпек. Жеткіншектердің қауіпсіздігіне облыстың әр ауданынан келген жетекші мамандар жауап беретін болады.

«Бауыр етіміз – балаларымыздың жағдайына алаңдаушылық білдірген барша халыққа алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – дейді арыстық ата-аналар.

Көрші облыстағылар балаларды жазғы демалыспен қамту шараларын алдағы күндері де жалғастыратындығын жеткізсе, өзге де Арыстың балалары үшін жазғы демалыстарға жіберу жұмыстары жалғасатын болады.