A’SU-мен бірге жақсылық жаса

657

A’SU бренді Шымкенттің кішкентай тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай олар орталық саябақта және қаладағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде ерекше думан ұйымдастырды. Қала берді, шара аясында «Жақсылық қақпағы» атты науқанның тұсауын кесті.

A’SU бренді кішкентай шымкенттіктер үшін арнайы концерттік және ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырса, ересектерді «Жақсылық қақпағы» атты науқанның басталғанымен қуантты. Бұл акцияға қатысуға ниеттілер жетерлік.

Рахымжан Әбдувахидұлы, акцияға қатысушы: «Көшеде келе жатқан едік. Кенет өте қызықты науқанның өтіп жатқанын көзіміз шалып қалды. Қатысамыз деп отырмыз».

Айсұлу Омарова, қатысушы: «Мерекеге орай орталыққа қыдырып келіп едік. Өтіп жатқан акцияға қатысайын деп шештік. Меніңше, жақсы мүмкіндік».

Акцияға қатысу үшін қолыңызда смартфон, компьютер және АСУ суы болса болғаны. Әрбір су бөтелкесін сатып алу арқылы 5 теңге мөлшерінде кэшбэк аласыз. Ол үшін Vpluse.me сайты немесе мобильді қосымшасына кіріп, бөтелке қақпағындағы құпия санды тіркеу қажет. Бұл науқанды шымкенттік жас блогер Зарина Нұржанова да қолдайды.

Зарина Нұржанова, жас блогер: «Бәріңізді акцияға қатысуға шақырамын. Асу-мен бірге бір-бірімізге жақсылық жасап жүрейік»!

«Жақсылық қақпағы» науқаны қараша айына дейін жалғаспақ. Барлық жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. A ‘ SU суы қарапайым пластикалық қақпақ арқылы бүгінде жақсылық жасауға болатынына сенеді.

Айя Мүтәлі