«Қыс-2013» оқу-жаттығуы басталды

361
Көше лезде көктайғаққа айналды

Алғашқы қар жауысымен-ақ құтқарушылардың жұмысы қайнап шыға келді. Өткен бір тәулік ішінде ел аумағында 500 дей адам мен мыңнан аса көлік қар құрсауынан құтқарылған.

Түлкібас ауданының Ақбиік елді мекені тұсында көктайғақ пен ауа райының қолайсыз болуынан көлік қозғалысы тоқтатылған. Салдарынан 365 техника бірнеше сағатқа жолда қалып қойды. Олар арнайы техниканың көмегімен кептелістен шығарылды. Ал, ондағы 3200 жолаушыға бірінші көмек көрсетілген. Құтқару жұмыстарына 15 дана техника мен 46 адам жұмылдырған.

Арман Әсібеков,Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы: «Бұл жерде ешкім зардап шеккен жоқ.Ол асуда біздің жылыту бекеттеріміз бар.Сол жылыту бекеттерінде тұрып қалған жолаушыларды жылытып,көмек көрсетілді. Тұрып қалған техникаларын шығардық».

Көше лезде көктайғаққа айналды
Көше лезде көктайғаққа айналды

Осындай келенсіз жағдайды алдын алу үшін Республикалық командалық-штабтық «Қыс- 2013» оқу-жаттығуы басталды. Жаттығудын басты мақсаты қыс кезеніңдегі дағдарыс жағдайларын жою кезінде, құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге дайын болу. Оның ішінде авариялық -құтқару қызметтерінің күш және құрылымдарының санын,іс әрекеттерге дайындығын,сондай-ақ материалды-техникалық мүмкіндігі мен жанар-жағар май қорларын,энергиямен қамтамасыз ету көздерін тексеру.