Әл Фараби ауданы әкімдігінің мамандары кезекті рет заң бұзушылықпен күреске шықты. Бұл жолғы нысан Төлеби көшесінде орналасқан «Базар» АҚ маңындағы ретсіз сауда.
Аудан аппараты қызметкерлерінің сөзінше, заңсыз сауданы түбегейлі жою үшін «Қырғы базар» аумағы заман талабына сай толық қайта құрылуы тиіс. Бүгінгі таңда бұл жұмыс басталған, жоспар бойынша 2020 жылы аяқталады екен. Ал әзірге саудагерлерге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізуден өзге амал жоқ.
2018 жылы заңға бағынбаған 839 тұлғаға әкімшілік хаттама түзілген. Ал биыл жыл басынан бері 38 рейд ұйымдастырылып, 567 әкімшілік хаттама толтырылған. Заңсыз орналасқан 19 дүңгіршек алынып тасталды.
Нұрлан Күдерұлы