Күнгейде СПИД дертіне шалдыққан 28 жүкті әйел тіркеуде тұр

214
фото egemen.kz

ВИЧ-ке шалдыққан аналар дені сау сәбилерді дүниеге әкелуде. Шымкент қаласы мен Түркістан облысында СПИД дертіне шалдыққан 400-ден аса әйел дені сау бала босанған. Айта кетейік, дәрігерлер биылдың өзінде 30-ға жуық жүкті келіншектің қатерлі індетке шалдыққанын анықтаған.

Аты-жөнін айтпауды сұранған 43 жастағы азаматша ВИЧ инфекциясын жүкті кезінде жұқтырғанын айтады. Әуелде қорқынышты диагнозы туралы естігенде ішіндегі шаранасынан құтылуға асығыпты.

Дәрігерлер дерегіне қарағанда Түркістан облысында жыл сайын жүкті әйелдердің саны 75 мыңға жуықтайды. Мамандар оларды тіркеуге алып, тиісті тексерулерден өткізеді. Ақ халаттылар әйелдер жүкті кезінде ауырмай, босанып болған соң ВИЧ инфекциясын жұқтырып, емшек сүті арқылы баласын дертті етіп алады дейді. Мұндай жағдайлар жылына екі-үш реттен тіркеліп отырады екен. Дәрігерлердің айтуынша, күнгейде ВИЧ-ке шалдыққан 400- ден аса ана дені сау баланы дүниеге алып келген. СПИД дертіне шалдыққан 28 жүкті әйел тіркеуде тұр.

Соңғы бір жыл ішінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ВИЧ жұқтырған 44 әйел құрсақ көтеріп, бала босанған. Сала мамандары орталықта тіркеуде тұратын тұрғындардың дені өмірге дені сау сәби әкелген деп сендіреді. Өкініштісі сол, ғасыр дертін жұқтырғандардың дені — дәрігер айтқан диагнозға күмәнмен қарап, ем қабылдаудан бас тартып жатады екен.

Лаура Нақыпқызы