«Мен қазақпын»: Головкин қазақ тілінде өлең оқыды

139
фото sputniknews.kz

Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген Геннадий Головкин тағы да бір ерекше ісімен елді сүйсінтті. Әлемге әйгілі боксшы елге деген сүйіспеншілігін білдіретін роликке түсіп, Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасын оқыды.

Боксшы роликті Instagram парақшасында жариялаған болатын. Аз ғана уақыт аралығында көп қаралым жинап үлгерді.

«Қолдау көрсеткен жерлестеріме рахмет! Туған жерімді ешқашан ұмытпаймын», – деп жазды Головкин.

Роликте өлең жолдарын Геннадий Головкинмен бірге балалар, спортшылар, ғалымдар, әскерилер мен ғарышкерлер де оқыды.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин Нұр-Сұлтан уақытымен 9 маусым күні таңертең Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллспен айқасады. Бұл күні Геннадийден бөлек, Әли Ахмедов мен Бақтияр Эюбов секілді қазақстандықтар да рингке шығады.