«Shymkent Bus» автобус паркінің жүргізушісі жұмыстан қуылды

279

«Shymkent Bus» муниципальды автобус паркінің жүргізушісі жұмыстан қуылды. Қоғамдық көлік тізгіншісі жұмыстың алғашқы күнінде-ақ тәртіп бұзған.

Жылдамдықты 60-тан асырған шопырды бақылаушы видеоға түсіріп алыпты. Басшылыққа жіберілген айғақ оны жұмыста бір күн де қалдырмады.

Айта кетейік, Шымкент жолдарына осы аптадан бастап шыққан автобустарды барлығы 4 бақылаушы тексеріп отырады. Мамандардың айтуынша мұндай үлгі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан алынған екен.

Айта кетейік, шопырларға қатаң түрде 4 ереже бекітілген. Ол рөл үстінде шылым шекпеу, балағат сөз айтпау, телефонмен сөйлеспеу сондай-ақ, жол ережесін сақтау. Алайда, қоғамдық көлікті бәйгеге түскендей тізгіндейтін шымкенттіктердің тәртіпке қашанғы бағынары белгісіз.

Назерке Үкібасова