Тактикалық шара Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен кәсіпорын қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылған. Техникалық талап бойынша, мекеменің өрт қауіпсіздік ережесіне қаншалықты сай екені тексерілуі қажет. Сондықтан жаттығу жұмыстары алдын ала дайындалған сценарий бойынша жүргізілді.

Мұнда сұйықтықты автоматты құю жүйесінің істен шығуы салдарынан жанғыш цистерналардың бірі отқа оранады. Ал өртті ауыздықтауға бекітілген жоспарға сәйкес арнайы техника мен жұмыс тобы тартылды. Сонымен қатар, зауытта жанар жағармай материалдары жанған жағдайдағы бөлімшенің іс-қимылы да пысықталды.

Айя Мүтәлі