Өртке қарсы оқу-жаттығу 14 рет өткізілді

302

Бүгін Самара тас жолының бойындағы «GOLD ALUMINIUM & PLASTIC» ЖШС – нің ғимараты өрке оранды. Шартты түрде орын алған өрт аумағына 7 негізгі өрт сөндіру техникасы мен офицерлік және жеке құрамы жедел жетті. Тактикалық оқу – жатығуға басшылық жасағандардың мәлімдеуінше әр өрт сөндіру көлігінде кем дегенде 5-8 тонна суы бар және қосымша өрт орын алған нысанның резервуарларына қосылды.

Өрт сөндіру қызметінің шұғыл әрекетінің арқасында алюминий балқыту цехында орын алған өрт ауыздықталып, көрші қоймаларға таралудың алдын алды. Сала мамандарының айтуынша бұл тактикалық оқу – жаттығу шаралары Абай ауданы бойынша биыл жоспарлы түрде 14 рет өткізіліпті.

Жасыратындығы жоқ, биыл Шымкент қаласы бойынша орын алған өрт оқиғалары өткен жылдың осы кезеңімен салыстарғанда бірнеше оқиғаға артық Сол себепті ТЖД мамандары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын әлі де болса күшейтпек.

Нұрлан Күдерұлы