Мақтааралда «Қыс-2019» оқу-жаттығу жиыны өтті

197

Мақтаарал ауданында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті. Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштер мен құралдарды даярлау мақсатында өткен жиынға аудан әкімі Бақыт Асановтың өзі арнайы қатысып, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің дайындығын қарап шықты.

Ең алдымен Бақыт Насырханұлы қыс кезіндегі төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-әрекеттер, атап айтқанда көшіру іс-шараларын, ішкі істер органдарымен өзара әрекеттесу жоспарларын нақтылады. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі авариялық-құтқару, диспетчерлік және болжау қызметтерінің жұмысын, жедел кезекшілік пен басқаруының ұйымдастырылуын, хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығын тексерді.

Қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою үшін құрылған авариялық-құтқару қызметінің құрылымы мен құрал-саймандарының есебі де анықталды. Жиын барысында энергия, газ, жылу, ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің және көлік қатнастарының жұмыс істеуге дайындығы, тәуелсіз энергиямен қамтамасыз ету көздерінің, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа да қорлардың шамасы белгілі болды.

Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару қызметі және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуде шұғыл басқару алгоритмдері жасалды. Халықты шұғыл хабарландыру үшін аудандық орталықтандырылған хабарлау жүйелері, дауыс күшейткіш құралдары, теледидар және басқа да БАҚ арқылы тарату тәртібі қаралды.

Төтенше жағдайлар аймағында және автокөлік коммуникацияларында адам өліміне жол бермеу бойынша құрылымдардың іс-әрекеттері, апат аймағынан адамдарды іздеу, оларды уақытша орналастыру аймақтарына көшіру, зардап шеккендерге бірінші дәрігерлік және медициналық көмек көрсету сияқты мәселелер де оқу-жаттығу барысында пысықтады

 

QAINAR KÓZМақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі