Шымкенттің негізгі көшелерінің бірі – Темірлан тасжолының бойындағы ИЧ 167/3 түзету мекемесінің жол жақ беттегі қабырғасына қызғалдақ бейнеленді.

27 сәуір күні өткен «Қызғалдақ жолы» фестивалі аясында суретшілер түзету мекемесінің қабырғасына қызғалдақтың бейнесін әсемдеп салды. Көрген жанға бірден жағымды әсер қалдыратын қыр гүлінің бейнесі көз қуантатын түстермен бейнеленген. «Graffiti Cross» командасының суретшілері қабырғасына төрт бөлігіне суреттерді бір апта салған. Айтуларынша, сурет өнері арқылы да Қызғалдақтың отаны – Қазақстан екенін көрсеткілері келеді.


Азамат Халықов, «Graffiti Cross» командасының мүшесі
–Қандай әдемі, иә?! Осы жерден өткен адамдардың барлығы міндетті түрде суретке қарай мойындарын бұрып өтеді. Кез-келген адамның көңіл күйін көтеретіні сөзсіз. Қала көркіне сән қосу үшін біз әдейі ашық өңдерді таңдадық. Фестиваль мақсаты қызғалдақтың отаны – Қазақстан екендігін көрсету. Қыр гүлінің әлемге таралуын паш етеді. Осы жұмысты жасауға 90 құты бояу жұмсалды. Төрт қабырғаның әрқайсысы биіктігі 5 метрден, ені 30 метрдей болады. Біз бұған дейін француз әріптестіреммен бірлесіп, осы қабырғаларға суреттер салдық. Тағы да жалғастырамыз.

Суреттерден қызғалдақ гүлі табиғат жаңаруының сұлу белгісі екені көрінеді. Көше бойымен ерсілі-қарсылы жүрген қала тұрғындарынан суретшілердің жұмысына қандай баға беретінін де сұрадық.

Ермек Ақтанбердиев, қала тұрғыны:
– Негізі көше бойындағы ескірген қабырғаларға сурет салу шетелде қалыпты жағдай. Онда белгілі тұлғаларының немесе анимациялық фильмнің кейіпкерлерін болмаса осындай әртүрлі фотолорды салып қояды. Көзге жағымды көрініп, суретке тамсанып қараумен өтіп кетесің. Біздің қаламыздың да көптеген көше бойларынан осындай өнер түрін көресің. Бірақ қызғалдақтың суреТі бейнеленгенін енді көріп тұрмын. Осы жердің шырайын келтіріп тұрғандай. Селфи жасасаң да артқы фон сондай керемет. «Шымқала – қызғалдақты қала» екендігіне қала ішіндегі егілген гүлдер мен осы суреттер дәлел деуге болады. Менің көңілімнен шықты. Суретші жігіттерге мың алғыс.

Бұл жолғы төрт қабырғаға салынған суреттердің ішінде ортадағы үлкен қызғалдақ бірден өзіне назар аударады. Фотоғо түсіп жатқандардың дені үлкен қызғалдақтың бейнесін қызықтайды. Суретшілердің айтуын-ша, суреттерді салған бояулар оңайлықпен өшпейді. Сондықтан да уайымдауға негіз жоқ.
Ал, сіз оқырман! Қаладағы қай көшеден қызғалдақтың суретін көргіңіз келеді. Бізге хабарласып, ой айтыңыз.