Қошқар ата өзенінің бойындағы жабайы сауданы тоқтатуға жалғыз полицей жауапты ма?

285
Қошқар ата өзені жабайы сауда

Қошқар ата өзенінің бойында жабайы саудамен нәпәқасын тауып жүргендер наразы! Үйден дайындаған азын аулақ заттарын сатуға полиция қызметкерлері мүмкіндік бермейді деп ашынады. Етектері жасқа толған аналар мен құқық қорғаушылар арасында жанжал туындады.

Закира Ташеева 8 баланың анасы. Қошқар ата өзенінің бойында шомылу маусымында жүгері мен көже сатып күнелтеді. Алайда полиция қызметкерлері күн бермейді деп жыламсырап жүр.

Закира Ташеева, қала тұрғыны: «Үйден әкелемін бәрін. Нанымды да сатқызбай тұр. Кешке дейін не істеймін? Қанша шығын шығардым. Менің бала — шағамды сол асырап бермейді ғой олар».

Ал, тәртіп сақшыларының уәжі біреу — сатылатын азық-түлік арнайы тексеруден өтуі тиіс, әрі рұқсаты болуы керек. Алайда жалғыз жүріп, шаң шығара алмай шаршаған өзен жағасындағы бір ғана полиция қызметкері жабайы сауданы жүгендей алмай жүр.

Ал, көпшілік орында сатылып жатқан тағамды тексеретін тұлға тағы жоқ.

Ғалымжан Кенжебек