2025 жылы үшінші мегаполис коммуналдық қызметпен толықтай қамтылады. Қалалық басқарма басшысының мәліметінше алдымен ауыз су мен жарық мәселесінің түйіні тарқайды. Қазірдің өзінде жобалық смета Тұран, Айкөл, Тассай және Асар-2 елді мекендеріне жасалып қойған. Жұмыстың басталуына тек қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр.

Нұрлан Жаманкөз, қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: «Бөлек пратакол шықты. Шымкент қаласының Агресс-3 құрылыс жұмыстарына қаржы қаралсын деп. Күзгі сессияда қаржы қаралса, сонымен құрылысты бастаймыз. Жалпы құны 9,4 млрд. теңге, биыл біз 2 млрд. теңге қаржы сұрап отырмыз бастапқы жұмыстарына».

Осы жылдың ішінде жалғыз Ақжар елді-мекені ауыз сумен қамтылады. Жоспар бойынша тіршілік нәрі мен жарық қаламызға 2023 жылы түгелдей келеді. Араға 2 жыл салып, газ мәселесі де шешілмек. Осылай деп жоспарлап отырған мамандар 8 елді мекенде газдың жоқтығын жеткізді. Атап айтсақ, Тұран, Асар-2, Қайнар бұлақ, Ақтас, Ақтас-2, Оңтүстік. Әзірге 2019 және 2020 жылдары мұнда агресс салынбақ.

Назерке Үкібасова