Úı ANONS Шымкентте коммуналдық қызмет қалыпты жұмыс істеп тұр

Шымкентте коммуналдық қызмет қалыпты жұмыс істеп тұр

Ауа райының күрт суытуына байланысты шаһар басшысы қазандықтар, электр мен жылу желілері қызметінің жұмыс барысын тексерді. Қазір «Энергоорталық-3-те» 2 қазандық пен 2 турбина бар. Жабдықтардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Қалаға жылу қалыпты режимде берілір жатыр. Сонымен қатар станцияда температуралық және гидравликалық режим сақталған. Ал «KEGOC» АҚ-ның өңірлік-диспетчерлік орталығы тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істеп тұр.

Қала бойынша электр энергиясымен қамту жағдайы тұрақты, әзірге ешқандай шектеулер қойылмаған.