30 000 ит-мысық ауланады

546

Ветеринария және тамақ өнімдерін қауіпсіздігін бақылау саласында қаңтар – маусым айларында атқарылған жұмыстары туралы анықтама.
Ветеринария саласында «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу» жұмыстарына 108 227,0 мың тг қаралған.
Жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары жүргізілуде.
Профилактикалық және диагностикалық жарты жылдық іс-шаралар жоспарға сай орындалды.
Егеу құйрықтарға қарсы дератизация. Көктемгі кезеңде егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жұмыстарын жүргізуге 45 612,0 мың теңге бөлінді. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында орналасқан 8 285,98 ш.м қоқыс тастайтын контейнерлерге, Ақтас ш/а қоқыс полигонында 290 000 ш.м және қала аумағында орналасқан 13 өзен-каналдарға 5402754,02-ш.м егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жұмыстары жүргізілді.
Қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 91 710 000,0 мың теңге бөлінді. Жоспар бойынша 30 000 ит-мысық аулау жоспарланған болса, қазіргі таңда 26 682 бас ит және 947 бас мысық ауланды, барлығы 27 629 бас (92%).
Қала аумағында қаңғыбас ит-мысықтарды аулап-жою жұмыстарымен арнайы 10 бригада жұмыс жасайды.


Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойын-ша «Ветеринариялық қызмет» МКК-на байланыс нөмірлері арқылы 45-05-22, 45-05-18 өтініш қалдыруларыңызға болады.
Энзоотиялық ауруларға қарсы өңдеу. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 35 835,0 мың теңге бөлінді.
Көктемгі энзоотиялық жұмыстар: бүрку (ІҚМ, жылқы, шошқа), уақ малдарды арнайы әуіттерде тоғыту, қора-жайлар мен оған жапсарлас аумақтарға және буферлік аумақтарға (мал иірімі мен мал суару орындары) залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.
Саябақтарды өңдеу. Кене шағу жағдайлары қаламыздағы саябақтар мен гүлзарларда да орын алуын болдырмау мақсатында бюджеттен көктемде жалпы алаңы 2 651 580 шаршы метр құрайтын 10 саябақ пен 6 гүлзарға кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру:

Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстары бойынша 1 528 бас ірі қара мал, 58 598 бас уақ мал, 580 бас шошқа сырғаланып, 835 бас жылқы таңбаланды.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге ірі қара малдарға арналған құлақ жапсырмаларының болмауына байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне 06.05.2019 жылы №21-06-30/1138 санды хаты жолданғанымен, тиісті жауабы берілген жоқ.

«Оңтүстік Рабат»

№28, 10 шілде 2019 ж