Қазіргі уақытта egov.kz порталының қолданушылары үшін «Денсаулық паспорты» бөлімі іске қосылған. Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шымкенттегі өкілдерінен сұрап білдік. Сонымен…

Бұл – сіздің денсаулығыңызға қатысты барлық мәліметтер жиналған база іспетті. Өзіңізге қатысты ақпаратты көру үшін порталдағы жеке кабинетіңізге кіріп, медициналық жазбалар бөліміне өтіңіз.

Денсаулық паспортында қандай мәліметтер көрінеді?

 Тіркелген емханаңыз;
Тегін алуға болатын қызметтер мен дәрілер тізімі;
 Учаскелік дәрігеріңіз туралы мәлімет;
 Сізге қойылған диагноздар мен еміңіз бойынша берілген нұсқаулықтар.

Ескеріңіз! Сіздің паспортыңыздағы мәліметтерді емхана, аурухана дәрігерлері мен жедел жәрдем мамандары көре алады. Олар электронды паспортыңыздан аллергияңыздың бар/жоғын, талдау нәтижелерін, дәрігер қабылдауына барғаныңызды, жазылып берілген дәрілер тізімін көріп біледі.

Денсаулық паспортындағы мәліметтерге сіз өзгерту енгізе алмайсыз.
Egov.kz порталын қолдану үшін электронды цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті.

Мөлдір Бекеева