Сәбиіңіздің алғашқы құжатын оңай әрі жылдам рәсімдеуді білесіз бе?

410

Сәбиіңіздің алғашқы құжатын проактивті тәсілмен қалай оңай әрі жылдам алуға болады? Сауалдарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциалық емес акционерлік қоғамының Шымкенттегі өкілдерінен сұрап білдік.

Проактивті қызметті қолдану үшін ең маңыздысы – «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеудің болуы. Бала туғаннан кейін, бір тәулік ішінде сіз құттықтау мен қызметті алу үшін қажет сұрақтары бар СМС аласыз. Сол хабарламаларға жауап бере отыра, сіз бар жоғы 15 минуттың ішінде сәбиіңіздің құжатын рәсімдейсіз. Құжатыңыз дайын болғанда, көрсетілген ХҚО-дан алып кетесіз.

Кейін тағы жәрдемақыны рәсімдеп, балабақша кезегіне тұруды ұсынатын СМС-хабарламалар жолданады. Егер сіз қандайда бір сұрақ бойынша жауап бермесеңіз немесе қате болса, жүйе одан әрі қызметті алу үшін ХҚО-ға бару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Енді көптің көкейіндегі сауалға жауап:

Бағасы? Әрине, барлығы тегін, тек телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.

SMS-сұрауларға қалай тез жауап беру керек? Қатесіз жауаптарды жедел жіберуді ұсынамыз.

Ескерту! Смс-ке жауаптарды екі күннен артық создырып беруге болмайды, себебі қызмет бала туған сәттен бастап 3 күн ішінде көрсетіледі.

Мөлдір Бекеева