egov.kz порталында көші-қон қызметі бойынша 8 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады

380
фото 365Info

Азаматтарға арналған үкіметтің www.egov.kz, www.con.gov.kz, www.mvd.gov.kz сайттарында үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар.

www.egov.kz порталында көші-қон қызметі саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады:

1. Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру
2. Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру
3. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу
4. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару
5. Қазақстан Республикасына уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу
6. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту
7. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында виза беру, қалпына келтіру және ұзарту

8. Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға шекаралық аймаққа келуге рұқсаттама беру

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ақпарат www.mvd.gov.kz сайтында орналастырылған. Қосымша мәліметті Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 сымтетігі арқылы алуға болады.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі