Оқулықтан тапшылық болмайды

917

Бір миллионнан астам оқулық. Бұл Шымкент қаласындағы 4,9,10 сынып оқушыларына тиесілі. Қалалық білім басқармасы мамандары қала аумағы артқан сайын оқушы саны да көбейіп келеді дейді. Өткен жылы 3,6,8 сынып оқушылары оқулықпен толық қамтылса 2017 жылы 2,5,7 сыныптарға берілген.

Биыл Шымкент қалалық білім басқармасы қазақстандық 15 баспаға миллионнан астам оқулыққа тапсырыс беріпті. Бүгінде соның 80 пайызы жеткізіліп, білім мекемелеріне таратылып жатыр. 25 тамызға дейін қаладағы барлық оқу ошағы қажетті оқулықпен толық қамтылады деп сендірді. Биыл оқулықтардың сапасына үлкен мән беріліпті.

Былтыр бірінші сынып табалдырығын 24 мың бүлдіршін аттаған болса, биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың саны 26 мыңға жетеді деген болжам бар. Осыны ескерген жауаптылар қосымша 4 мың оқулыққа тапсырыс беріпті, себебі бірінші сынып оқушыларына оқулық осыдан үш жыл бұрын берілген екен.

Нәсихат Байзақова, білім басқармасының бас маманы: «Бізге 12 баспа оқулықтарды толық жеткізді. Енді үш баспа Алматыда артып жатыр оқулықтарды бірер күнде келеді».

2016 жылдан бері қазақстандық білім мекемелеріндегі оқулықтар біршама жаңартылып және жыл сайын толықтырылып отыр. Жауаптылардың мәлімдеуінше биыл оқулық тапшылығы болмауы тиіс.

Нұрлан Күдерұлы