Сарыағаш ауданының әкімі тағайындалды

1880

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Сарыағаш ауданының әкімі болып Мұхит Баймұханбетұлы Отаршиев тағайындалды.

Мұхит Баймұханбетұлы 1981 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында туған. Заңгер, экономист мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Жедел қызмет басқармасының жедел уәкілі болып бастаған.

2005 – 2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің патруль полициясының жеке батальонының маманы- инспекторы, жеке батальонының жылдам әсер ету арнайы отрядының инспекторы болған. Сондай-ақ, Атырау облысы Ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімшесінде аға жедел уәкілі лауазымын атқарған.

2012 – 2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен. Ал 2018 жылдың шілде айынан бастап, бүгінге дейін Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.