Пробация есебінде тұратын азаматтар тауға саяхат жасады

479

Төлеби аудандық консультациялық-кеңесші органның ұйымдастыруымен «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды қоғамнан оқшауламау, аудан өміріне белсене араласуға баулу мақсатында іс-шара өткізілді. Сотты болған азаматтар табиғат аясында серуендеп, ауданымыздың көрікті жерлерін көрді.

Шара барысында пробация қызметі есебінде тұрған азаматтармен Ленгір қалалық емханасының психологы З.Кулжанова түрлі тренингтер өткізіп, азаматтар өз-ойларын ашық білдіріп, пікірлермен бөлісті.