фото Kazakh TV

Шымкент қаласының тұрғынынан тәркіленген күміс зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне алынды

Шымкент қаласындағы Экономикалық тергеулер басқармасы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын 63 келі 825 грамм күміс әшекей бұйымдарды мемлекет кірісіне алды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Шымкент қаласының тұрғыны А. С.-дан контрабандалық күміс тәркіленді.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, азамат экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 234-бабы).

Сот шешімімен А. С. тәркіленген контрабандалық күмісті тәркілей отырып, шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.