Заңсыз ауланған балық балабақшаға тапсырылды

242

Созақ полицейлері 130 келі заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады. Браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу жайттарын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Созақ АПБ-нің ЖПҚ қызметкерлері жергілікті көлдің жағасында заңсыз балық аулаған Ордабасы ауданының екі тұрғынын ұстады.

Тәртіп сақшылары күдіктілерден айғақты зат ретінде 130 келі балық, қайық, тор және басқа да балық аулау құралдарын тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК 335-бабы «балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз ауланған 130 кг балық балабақшаға тапсырылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.