Шымкентте қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

539

Шымкентте қырым қанды қызбасына қарсы күзгі залалсыздандыру жұмыстары басталды. Бұл жолы ветеринар мамандар 85 мыңнан астам ірі қара, 120 мың уақ мал мен 1 милион 972 мың шаршы метр қора жайларды дәрілеулері тиіс.

Төрт түлікті залалсыздандыру үшін бірінші кезекте мал тұратын қора тазартылып, қилары шығарылуы тиіс. Зиянкеске қарсы дәрінің әсері сонда ғана көбірек болады. Сондай-ақ, ауа температурасы да маңызды. Сол себепті ветеринарлар салқын түскенше науқанды аяқтауға асығып жатыр. Бүгінде жұмыстың тең жартысы атқарылған

Бүгін Жаңаталап елді мекенінде өткен шараға ауыл халқы да атсалысып, қорадағы қойларын тезірек дәрілеп алуға асықты. Ветеринарлардың қырым қанды қызбасына қарсы жасаған залалсыздандыру жұмысы санитар мамандардың байлауымен жүргізілді. Төрт түлікті дәрілеуге қажетті сұйықтық және ұнтақ дәрі қоймада дайын. Санитарлық бақылау мамандарының айтуларынша, соңғы үш жылда Шымкент қаласында қырым безгегімен ешкім ауырмаған.

Күзгі науқанға 18 маманнан жасақталған 6 бригада жұмылдырылыпты. Биылғы жылдың 8 айында Шымкент қаласы бойынша 955 адам кене шақты деп шағымданыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға кем дейді санитар мамандар. Жәндік шаққандардан қауіпті ауру анықталмаған.

Нұрлан Күдерұлы